«Күй анасы- Дина»

29.01.2021 Выкл. Автор admin
«Күй анасы- Дина»

Төменарық ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 29 қаңтар күні күйші Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына орай «Күй анасы- Дина» атты өнер сағаты өткізілді. Шараның мақсаты күйшінің өмірбаяны жайлы әңгімелеу, оқушылардың өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, дүние танымын кеңейту. Өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу.

Шарада Динаның күйлерін оқушылар Ж.Түменбаеваның сүйемелдеуімен тартты. Кітапханашы «Қазақ өнерінің саңылақтары» атты кітап көрмесімен таныстырып талантты күйшінің шығармаларын, өміржолын таныстырды. Клуб үйінің сүйемелдеушісі Ж.Түменбаеваның жетекшілігімен домбыра үйірмесінің қатысушылары А.Арыстанбекова «Әсем қоңып», Л.Әділбекова «Бұл-бұл», А.Аманкелді  мен Н.Берістем «Беташар» атты күйлерін орындады.