«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
28.01.2021Қ.Р Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай 28 қаңтар күні Жаңақорған аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тарихи кеш ұсынылды.
Мақсаты: Оқырманға елін, жерін, тілін, құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл-қыздардың ерлік істеріне құрмет көрсету.
Шара барысында оқу залының кітапханашысы Ә.Сағатқызы «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, оқырмандарға өз туындысынан Тәуелсіздікке арнаған өлеңін тарту етті. Шарада кітапхананың тұрақты оқырмандары З.Садықова «Туған елім-тағдырым», Б.Сәулетбек «Тәуелсіздіктің таңы» атты өлеңдерін жатқа оқып берді.