«Туған жер — алтын бесігім»

29.01.2021 Выкл. Автор admin
«Туған жер — алтын бесігім»

2021 жылы 29 қаңтар күні №1 кенттік кітапханасында «Туған жерге тағзым «атты жобасы аясында «Туған жер — алтын бесігім» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.

Шараның мақсаты: Жас ұрпақты өз Отанын сүюге, туған жерінің тарихын білуге, туған жерін қастерлей білуге тәрбиелеу. Оқушыларды өз елін, жерін қорғап, оны ойлай білетін ұлтжанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын көркем толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Туған жерінің тарихын ұғындыра отырып, елін, жерін, табиғат байлықтарын қорғай білуге үйрету.

Кешті әнші мәдениет үйінің қызметкерлері А.Накипов «Ұлы дала» әнімен бастап, Р.Ертаев «Туған жерім» әнімен жалғастырды. Сондай-ақ кітапханамыздың тұрақты оқырманы колледж студенті А.Амангелді «Тепең көк» күйін орындаса, №125 С.Сапарбеков атындағы мектептің 6-сынып оқушысы С.Әділбековтың «Ауылым – алтын бесігім» атты өлеңін  және №163 орта мектептің 8-сынып оқушысы Ержан Әсел «Туған жерім» атты өзінің шығарған өлеңін оқыды. Шараны мәдениет үйінің қызметкері А.Зайдашева «Гүлденген Жаңақорған» әнімен аяқтады.