«Латын әліпбиіне көшу-заман талабы»
29.01.20212021 жылдың 29 қаңтар күні №1 кенттік кітапханасында «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында латын әліпбиіне көшуді жеделдету, көп дауыспен талқылаудан өткен әліпбиді қолданысқа енгізу, латынға көшудің терең логикасын өскелең ұрпаққа насихаттау. Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, жаңа қазақстандық патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.
Көрмені №1 кенттік кітапхананың кітапханашысы Ұ.Иманбаева таныстырып өтті. Көрмеге латын әріптерінің жазылу түрі, «Латын әліпбиіне көшу: ғылыми – қоғамдық негіздер, даму процесі және басты мәселелер» жинағы және «Латын әліпбиі: теория, әдістеме және насихат» жинақтары қойылған.