«Айтылар естеліктер мен туралы»

09.02.2021 Выкл. Автор admin
«Айтылар естеліктер мен туралы»

Қожакент ауылдық кітапханасында 9 ақпан күні қазақ поэзиясының шоқ жұлдызы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына «Айтылар естеліктер мен туралы» атты әдеби жыр марафоны өткізілді. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысып, ақынның туған жер, адам тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, соғыс тауқыметіне арналған лирикасы қайталанбас ұттық сипатта, ұлттық зермен зерделенген «Арыз жазып кетейін», «Қарасазым», «Фариза», «Пай-пай өмір!», «Дос», «Ғашықпын» т.б  өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сондай-ақ кітапханашы «Жыр жүйрігі — Мұқағали» атты кітап көрмесімен таныстырды.
Мақсаты: Артына айрықша өшпейтін із қалдырған ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу. Ақынның өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.