«Өнер – білім бар жұрттар»

15.02.2021 Выкл. Автор admin
«Өнер – білім бар жұрттар»

15 ақпан күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ұлы ағартушы, қазақтың тұңғыш ұлттық педагогикасының негізін салушы, қазақ тіліндегі тұңғыш оқулықтардың   авторы Ы.Алтынсариннің «Өнер – білім бар жұрттар» атты шығармаларынан онлайн мәнерлеп оқу бейнеролигі әлеуметтік желіде жарияланды.

Мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің шығармалары арқылы оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа баулу. Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу. Ақынның өмір жолынан басталған бейнероликте кітапханашы Ж.Тулешова «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін, А.Зұлхарнай «Өзен», А.Құрмантай «Кел, балалар оқылық», Д.Молдабек «Өсиет өлеңдер» атты шығармаларын мәнерлеп оқыды.