«Сұлу сөз, көркем ойдың шебері»

18.02.2021 Выкл. Автор admin
«Сұлу сөз, көркем ойдың шебері»

Жаңақорған аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің туылғанына 85 жыл толуына орай «Сұлу сөз, көркем ойдың шебері» атты онлайн кітап көрмесі ұсынылды.

Мақсаты: Жазушының өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға таныстыру. Шығармашылығы арқылы тарихи тұлғаларды жастарға насихаттау.

Көрмеде жазушының өмірбаяндық деректеріне, шоқтығы биік шығармаларының бірі «Дарабоз» тарихи романына қысқаша шолу жасалып, жазушының «Көкейкесті», «Соңғы көш», «Атамекен» атты кітаптары мен  баспасөз беттеріндегі  мақалалары қойылды. Сондай-ақ «Жазушы», «Жалын» баспаларынан жарық көрген «Саржайлау», «Сәйгүліктер», «Бір қаланың тұрғындары», «Бір түп тораңғы» атты кітаптарымен таныстырылды.