“Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі”

19.02.2021 Выкл. Автор admin
“Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі”

 

Жаңақорған аудандық орталық кітапханасының ұймдастыруымен 19 ақпан күні Қ.Р-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты кітап көрмесі ұсынылды.

Мақсаты: Президенттің алға қойған мақсаттарымен оқырмандарды таныстыру, жастардың сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.

Көрме төрінен орын алған туынды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2 томдық  шығармалар жинағы мен «Беласу» атты еңбегі. Б.Аяғанның «Қазақстанның жаңа тарихы:  Тұрақты Қазақстан» еңбегінде Тәуелсіз Қазақстан тарихы бойынша бай ақпараттық – құжаттық материалдар қамтылған. Қазіргі қоғамның әлеуметтік – экономикалық, саяси өзгерістері, жетістіктері айтылған. Сонымен қатар, кітап көрмесінен мерзімді басылымдар бетінде жарық көрген мақалалармен де танысуға болады. Көрмеге қойылған әдебиеттер мен жолдауда айтылған түйткілді мәселелер туралы мерзімді басылымдар насихатталды.