«Ұлт болашағы – ұрпақ денсаулығында»

19.02.2021 Выкл. Автор admin
«Ұлт болашағы – ұрпақ денсаулығында»

 

19 ақпан 2021 жылы Қожакент ауылдық кітапханасында кітапханашы А.Рустемованың ұйымдастыруымен «Ұлт болашағы – ұрпақ денсаулығында» атты  кітап көрмесі жасалды. Елбасының жолдауында Қазақстан халқына «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» делінген. Салауатты өмір салтын ұстану әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызды, дұрыс тамақтануымызды, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызды қажет етеді. «Дені сау адам табиғаттың ең қымбат жемісі» деп бекер айтпаған.

Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, халықты толық ақпараттандыру, жеке адам мен қоғамның өз денсаулығына деген жаңа көзқарасын қалыптастыру керектігін түсіндіру, адам денсаулығына әсер ететін факторларына тоқталып, толық мағлұмат беру.

Көрмеге денсаулық жайлы 42 кітап және «Денсаулық» журналы  қойылып,оқырмандар назарына ұсынылды.