«Ұлы даланы ұлықтаушы ұландар»

17.02.2021 Выкл. Автор admin
«Ұлы даланы ұлықтаушы ұландар»

 

17 ақпан күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау мақсатында «Ұлы даланы ұлықтаушы ұландар» атты онлайн медиа таным өткізілді.

Мақсаты:  Оқушылардың туған жеріне, еліне, деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Болашаққа деген сенімін, ой-өрісін дамыту. Оқушылардың  елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

Бейнероликте мақаланың  «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» бөліміндегі қазақтың атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургиясы, аң стилі, Есік қорғанынан табылған Алтын адам, Ұлы Жібек жолы және түркі әлемінің бесігі, Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны жайлы  құндылықтарымыз туралы айтылса, «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөліміндегі ұлы даланың ұлы есімдері, ежелгі өнер, дала фольклоры мен музыкасы және тариxтың кино өнері мен телевизиясы туралы баяндалды. Оқушыларды өткен тарихымызды ұмытпай, өткеніміз бен бүгінімізді бағалай білуге шақырды.