«Латын әлпбиіне көшу – заман талабы»
17.02.2021Түгіскен ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 17 ақпан күні Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай «Латын әлпбиіне көшу – заман талабы» атты онлайн ақпараттық сағаты өтті.
Мақсаты: Латын әліпбиіне көшудің қажеттіліктері жайында терең мағлұмат беру, оқырмандар арасында жақсы қоғамдық пікір қалыптастыру.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі күн тәртібіне қойылғаны белгілі. Мақала жарық көрген күннен бастап осы мәселе қоғамда кеңінен талқыланып, латын әліпбиінің қазақ тілін дамытудағы маңыздылығы, өзектілігі жан – жақты айтылғаны бәрімізге аян. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан нақты шаралар іске асырылып келеді. Соның бір дәлеліндей жуырда, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдау өткізілген болатын. Онда «Латын графикасындағы жаңа қазақ әліпбиі» жарияланды. Осы орайда, кітапханашы А.Көшербаев дайындаған бейнематериалында латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы, басқа да көптеген ақпараттар берілген.