«Періштелердің өлімі»

26.02.2021 Выкл. Автор admin
«Періштелердің өлімі»

2021 жылдың 26 ақпаны  күні №2 Кенттік кітапхананың ұйымдастырумен жазушы  Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Періштелердің өлімі» атты роман хикаятына оқырмандар арасында талдау болып өтті.

Мақсаты ақын-жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру және оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

Шара барысында №56 мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Л.Самидинова қатысып, шығарма жайында біраз мағлұматтар беріп, оқушылар өз ой пікірлерін ортаға салды.