«Ұлы даланың алып жыршысы»

22.02.2021 Выкл. Автор admin
«Ұлы даланың алып жыршысы»

 

22-28 ақпан аралығында Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның оқырман ұрпағы -2021» акциясы аясында,  жыр алыбы Ж.Жабаевтың  туғанына 175 жыл толуына орай «Ұлы даланың алып жыршысы» онлайн поэтикалық марафон өткізілді.

Мақсаты: Өлеңдерді дауыстап, мәнерлеп оқыта отырып, олардың тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын, шығармашылық және есте сақтау қабілеттерін дамыту. Балаларға Ж. Жабаевтың өлеңдерінің мазмұнын, тақырыбы мен негізгі ойын меңгерте отырып, олардың бойында қазақ халқына, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру, ақын шығармашылығын оқырмандарға насихаттау. Поэтикалық марафонда кітапхана оқырмандары  Ш.Ербол ақынның «Балама хат», Б.Әбілхан  «Шындық туралы», М.Жүнісәлі «Шәкірт балаларға», А.Ерсұлтан «Балаларға», С.Серікбай «Менін пірім Сүйінбай», Г.Жанзақ «Менің өмірім» өлеңдерін мәнерлеп оқыған бейнероликтері әлеуметтік желіге жарияланып,  кітапхана оқырманы  Г.Жанзақ  көп қолдауға ие болды.