«Ана – өмір шуағы»

05.03.2021 Выкл. Автор admin
«Ана – өмір шуағы»

5 наурыз күні  Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана – өмір шуағы» атты кездесу кеші өткізілді. Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер аналар, кітапханашылар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Шараға кітапханада  талай жыл еңбек етіп, зейнет демалысына шыққан ардагер аналар Т.Мырзатаева мен Г.Ибрагимова қонаққа шақырылды. Кітапханашы Ж.Төлешова шараны жүргізіп, кітапхана меңгерушісі М.Жиенбаева құттықтау сөз сөйледі. «Сағыныш-С» жеке балабақшасының тәрбиленушісі Жангелді Әмина «Тамаша күн» әнін орындап көпшілік құрметіне бөленді. Аналар мерекесіне арнаған жүрекжарды періште ақ тілектерін кітапхана оқырмандары жыр жолдарымен жеткізсе, оқушылар «Анаға арнау» әнін орындады. Кеш қонақтары ардагер аналарға сөз беріліп, алғыстарын білдіріп, баталарын берді. Балалар кітапханасының меңгерушісі М.Жиенбаева шараны қорытындылап, ардагер аналарымызға сый-сияпатын тапсырды.