«Ұлы істің ұлы күні Әз, Наурыз»
19.03.2021Түгіскен ауылдық клубында 2021 жылдың 19 наурыз күні 22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне орай Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен ауылдық клуб үйі, кітапхана, мектеп, балабақша ұжымдарының ұйымдастыруымен «Ұлы істің ұлы күні Әз, Наурыз» атты жастардың сауық кеші өтті.
Мақсаты: Ұлттық құндылықтарымызды дамыту, ұлттық киімдерімізді кию, халық ойындарын ұйымдастыру, ұлттық музыканы ойнатуды қамтамасыз ету, салт – дәстүрді жаңғырту, оның өскелең ұрпақ арасында маңыздылығын дәріптеу, елімізде достық пен бейбітшілікті нығайту. Клуб үйінің алаңына киіз үй, алтыбақан құрылып, сахна төрі тақырыпқа сай безендірілді. Шара көркемөнерпаздардың этно – думан бағдарламасы бойынша Алдаркөсе мен Тазша бала, Қожанасыр үшеуінің кішкентай бүлдіршіндерінің көрінісімен ашылды. Көрініс барысында «Кім тапқыр?», «Мүшел жас туралы не білеміз?», «Мақал – мәтел жарысы» ұйымдастырылды және Наурыз сый (Жыл кәде, жыл сыйлық) үлестірілді. Тазша бала наурызша жұлдыз жорамал жасады.
Шара барысынды аудан әкімі Р.Рүстемов ауыл тұрғындарын мерекемен құттықтап, өзінің игі тілегін жеткізді. Әншілер Ә.Тасполатов пен Ж.Мұсалар «Наурыз» әнін орындап, бір топ ауыл жастары шығып «Қара жорға» биін биледі. Сонымен бірге ауылымыздан құрылған әжелер ансамблі «Ауылым» әнін орындады. Қазақтың ұлттық ойындары асық ату, ләңгі, қол күрес, кір тасын көтеру, қазақша күрестен жарыс ұйымдастырылды. Жас әншілер А.Смат пен Н.Нүрдіндер «Дүние — ай» әнін орындады. Шара барысында қазақтың ұлттық тағамдары «Наурыз көже», «Бесбармақ», «Бауырсақ» дайындалып киіз үйден ел ағалары дәм татты. Сахна төрінде керемет қыз бен жігіт айтысы ұйымдастырылды.Ауылымыздың әншілері Б.Құрманбай мен О.Сұлтановтар «Кермаралдай» әнін орындады.