«Кітап әлемі: балалықтан даналыққа»
30.03.2021
30 наурыз күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен аудан кітапханашыларының арасында «2021 — Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына» орай «Кітап әлемі: балалықтан даналыққа» атты аудандық семинар өткізілді. Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру. Кітапқа деген қызығушылықты арттыру, балаларды кітап оқуға ынталандыру, қазақ және әлем әдебиетінің классиктерін, қазіргі заманғы балалар жазушыларын көпшілікке таныту, кітапханашылар арасында іс-тәжірибе алмасу.
Шараны кітапхана директоры А.Тилеубергенова ашып6 кітапханашы Ж.Тулешова «Балалар әдебиеті – рухани қазына» атты кітап көрмесімен таныстырды. Сондай-ақ «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап» атты слайдшоуда акция бойынша насихатталатын балалар әдебиетімен жеке-жеке таныстырып, жыл басынан насихатталған көпшілік іс-шараларын атап өтті. Оқушылар балалар жазушысы Т.Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн» атты кітабынан «Өтірік өрге баспайды» әңгімесіне көрініс көрсетіп, кітапханашылар арасында «Авторын тап?» атты сыр-сандық пен «Кім тапқыр?» атты библиошар ойындары ойнатылды. Кітапханашылар шара туралы ой-пікірлерін ортаға салып, кітапханашы Ж.Тайымбетова қатысушыларға алғысын білдіріп, алдағы уақытта осындай шаралар көп болса деген тілегін білдірді.