«Сенің сүйікті ертегің»
02.04.2021Жаңарық ауылдық кітапханасында 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Сенің сүйікті ертегің» атты әңгіме сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқырманға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.
Әңгіме сағатын кітапханашы Р.Мырзабаева ашып, Кітап – рухани сарқылмас қазынамыз екендігін, көп оқыған адамның дүниетанымының кеңейетіндігін, кітаптың адам өміріндегі маңызының жоғарылығына тоқталып, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын, белсенділіктерін ояту барысында «Ой толғау» сайысы өткізіліп, өлеңдер, әндер айтылды.