«Мейірімді жүрек — жылы тілек»

17.03.2021 Выкл. Автор admin
«Мейірімді жүрек — жылы тілек»

Жаңақорған аудандық орталық кітапхана мен оқушылар үйімен бірлесуімен  «Парасат жолы» орталығында «Мейірімді жүрек — жылы тілек» атты Халықаралық жазушылар  одағының мүшесі, «Шолохов» медальінің иегері, «Жаңақорған ауданның Құрметті азаматы», ақын, журналист Сахиев Файзулла Пәзілбекұлымен сұхбат алаңы өткізілді. Мақсаты: ақын Файзулла Сахиевтың өнерін, шығармашылығын елге  насихаттау, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету,  ұрпақ тәрбиесіндегі қалтқысыз еңбегімен насихаттау.

Шара барысында Ф. Сахиевтің әрбір өлеңін оқушылар өзінің жан дүниесінің тебірінісі арқылы жыр жолдарын жеткізді. Ақынға сұрақтар қойылып, Г. Қалходжаева мен оқушы Ұ. Тұрғанбек өз жүрек түкпірінен шыққан арнауларын арнап, ақын поэзиясы туралы пікірлер айтылып, көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұшымды жауап алды, және де әдеби шарада оқушылар кеш иесінің жырларын тыңдады.

Кітапханашы А.Сағатқызы «Жүрегі жырдан тұнған ақын» атты кітап көрмесімен таныстырды. Сұхбат соңында Ф. Сахиевке жылы тілектер айтып, тосын сый жасалды.