«Бар болғаны он төрт жас»
18.05.20212021 жылы 18 мамыр күні №1 кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына — 30 кітап «Бір ел — бір кітап» рухани-мәдени акциясы аясында 30 кітаптың бірі «Балалар әдебиетіндегі» жазушы Мәди Айымбетовтың «Бар болғаны он төрт жас» хикаятына жас оқырмандармен талдау жасалынды. Талдаудың мақсаты: Оқырмандарға әдебиетіміздің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулу.
Шараға №125 С.Сапарбеков атындағы мектептің 5- 6 сынып оқушылары және №163 орта мектептің 6 сынып оқушылары қатысып, хикаяттан түсінгендерін және өз ой-пікірлерін ортаға салып, №125 С.Сапарбеков атындағы мектептің оқушылары өздері ұнатқан бөлімінен көріністі де құрып берді. Соңында кітапханашы Ұ.Иманбаева жас оқырмандарға Мәди Айымбетовтың қысқаша өмірбаянын және «Бар болғаны он төрт жас» хикаятынан басқа да жасөспірімдер өмірінен жазылған хикаяттары мен әңгімелерінің бар екендігін, сонымен қатар жазушының бұл туындылары балалар әдебиетінің таңдаулы шығармалар қатарына кіретінін де атап айтып өтті.