«Бар жақсылық балаларға»

20.05.2021 Выкл. Автор admin
«Бар жақсылық балаларға»

2021 жылы 20 мамыр күні №1 кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен халықаралық мүгедектер құқығын қорғау күніне орай «Бар жақсылық балаларға» атты әңгіме сағаты болып өтті. Шараның мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қамтамасыз ету, өмір сапасын жақсартуға ат салысу. Әңгіме сағаты мүгедек балаларға арналған арнайы балабақшада болып, оған аудан әкімі аппаратының құқық қорғау қызметкері, кітапханашы Шалапова Нысанкүл және арнайы балабақшадағы мүгедек бүлдіршіндердің ата-аналары, сол балабақша меңгерушісі және әдіскері қатысып, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары мен оларға жасалатын жеңілдіктер, көмектер мен түрлі қызмет түрлері жайлы айтылып өтті. Мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жасауды мақұлдап, мүмкіндіктері келгенше көмектесетіндерін айтып өтті.