“Менің сүйікті кітабым”

19.05.2021 Выкл. Автор admin
“Менің сүйікті кітабым”

19 мамыр күні  Жаңақорған аудандық балалар кітапханасы фейсбук парақшасында  “Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021” акциясы аясында, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына байланысты, READх жобасы бойынша “Менің сүйікті кітабым” атты онлайн кітап пресс ұсынды.

Мақсаты: оқырмандар арасында кітап оқуды насихаттап, оқуға деген қызығушылығын арттырып, көпшілік алдында сөйлеу мәнеріне үйрету.

РЕАDx жобасы – бұл кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, шабыттандыратын адамдардың көпшілік алдындағы сөйлеуі.

РЕАDx жобасы – шабыттандыру алаңы, мұнда жас ерекшелігіне қарамастан қатысушылар өз ой-толғамдары мен жиған-тергенін ортаға салады.

РЕАDx жобасының ұраны “Оқуға ұмтыл”.

Жобаның форматы өзіне дәстүрлі және заманауи тәсілдерді біріктіре отырып, оқушының кітап оқуға деген ынтасын оятуға арналған жоба.

Кітапхана оқырмандары №110 мектептің 9 сынып оқушылары Нұрмаш Перизат пен Оңғарбек Аяулым  М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» кітабы мен  Ғ.Мүсіреповтың  «Ұлпан» атты кітабын  оқуға шақырып, насихатталды.