«Періштелердің өлімі» романынан оқырмандар конференциясы

23.04.2021 Выкл. Автор admin
«Періштелердің өлімі» романынан оқырмандар конференциясы

23 сәуір күні Жаңақорған аудандық орталық кітапханасында №163 орта мектептің 11 сынып оқушыларының қатысуымен  «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында, жазушы  Тынымбай Нұрмағанбетовтың «Періштелердің өлімі» романынан оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.

Мақсаты: жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтың өмір жолы мен шығармашылығын таныстыру және оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру. Жас ұрпаққа мұраларын насихаттау.

Шараны кітапханашы Ә.Сағатқызы жазушының өмірбаянымен, шығармашылығымен  таныстырып, «Періштелердің өлімі»  атты романына тоқталса,   оқушылар «Жыланның уы», «Сәмбі талдың мұңы» атты хикаяттарын ашып жеткізді. Сондай-ақ сынып жетекшісі Омарова Зауреш және  мектеп кітапханашысы Сейтен Салтанат өз ойларын ортаға салды. Кітапханашы «Қаламы қарымды қаламгер» атты кітап көрмесімен таныстырып шараны қорытындылады.