«Қаратаудың Қараманы» және «Шалқи бер, Шалқия» атты жаңа кітаптардың тұсаукесері

29.06.2021 Выкл. Автор admin
«Қаратаудың Қараманы» және «Шалқи бер, Шалқия» атты жаңа кітаптардың тұсаукесері

         29 маусым күні Жаңақорған аудандық орталық кітапханасы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Парасат жолы» жобасы аясында Жалғасбек Амановтың «Қаратаудың Қараманы» және Тоқымов Сабырқан Тәжібайұлының «Шалқи бер, Шалқия» атты жаңа кітаптардың тұсаукесері өтті. Шараға Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, ардагер З.Шермағамбетов, Жаңақорған аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы Нұрлат Байгенже, Жаңақорған ауданның құрметті азаматы, аудандық қазақ күресі федерациясының президенті Мадияр Ахметов, ҚР Ұлттық банкінің құрметті зейнеткері, кітап авторы Тоқымов Сабырхан Тәжібайұлының зайыбы Тұрғанкүл Асанбекова, атақты жылқышы Қараман Көшербаев, Шалқия кентінің әкімі Сабырханов Әбдімәулен, Павлодар облысы Успен ауданының мәдениет және тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Медет Тауасқанов,  ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Жаңақорған тынысы» газетінің редакторының орынбасары Б.Үсейінова сондай-ақ, ұрпақтары мен туған туыстары  қатысып, жарық көрген кітаптар туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Шара барысында кітап авторы Тоқымов Сабырхан Тәжібайұлының зайыбы Тұрғанкүл Асанбекова «Шалқи бер Шалқия» атты кітабының мазмұны жайында әңгімелеп, кітаптың шығу тарихын толық таныстырып өтті. Кітап Сыр өңірі мен Қаратау арасындағы Жаңақорған ауданының орталығы Жаңақорған кенті тұсындағы Шалқия қорғасын-мырыш кенішінің өткені мен бүгінгі тарихына арналған.

Тұсауы кесілген жаңа шығарманың да өзіндік ерекшеліктері бар кітап «Қаратаудың Қараманы» кітабы. Мұнда атақты жылқышы Қараман Көшербаевтың өмірі мен еңбегі арқылы қоғамдық құрылыстың екі рет ауысуын көрген осы ұрпақ буынының өмірі мен тағдыры берілген. Сонымен қатар, оның өмірі жолы туралы толық мағлұматты көңілі ояу жастарға, жалпы оқырманға берері мол.