«Кітаппен саяхаттаймыз»

14.06.2021 Выкл. Автор admin
«Кітаппен саяхаттаймыз»

14-21 маусым аралығында   Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен  «Жаз кітаппен» бағдарламасы  аясында балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, білім кітап арқылы берілетінін ұғындыру мақсатында  «Кітаппен саяхаттаймыз» атты фото-байқау ұйымдастырылды. Байқауға жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой- өрісін дамытуда жұмыс жасап жатқан Жаңақорған аудандық балалар кітапханасына  жиі келетін  оқырмандарымыз  кітапқұмар балалар қатысты. Нәтижесінде кітапты сүйіп оқитын сүйкімді  оқырманымыз Жомарт Нұрай әлеуметтік желі қолданушылардан ең көп лайк  жинап, фото-байқауымыздан жеңіске жетті.