«Конституция — тәуелсіздіктің алтын діңгегі»

27.08.2021 Выкл. Автор admin
«Конституция — тәуелсіздіктің алтын діңгегі»

27 тамыз күні Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Конституция — тәуелсіздіктің алтын діңгегі» тақырыбында көпшілік қауым үшін кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқырман қауымға Ата Заңымыз, адам құқықтары туралы түсінік беру, өз міндеттері мен құқықтарын білуге үйрету, құқықтық сауаттылыққа және отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге баулу.

Кітап көрмесіне «Қазақтың ата заңдары», Ө.Қопабаевтың «Ата заң – мемлекет дамуының іргетасы»,»Жыр арқауы — Ата Заң», С.А. Табанов пен С.Ә. Оразованың «Күрделі заманның өтпелі кезеңдерінде қазақ қоғамы, Ата заңдарының тарихи-құқықтық сабақтастығы», Мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның құқықтық және демократиялық мемлекет ретінде және оның қалыптасуы туралы әдебиеттер, ҚР Конституциясы мен заңдар жинақтары және т.б. материалдар ұсынылды.

Басқосуда шараға қатысушылар еліміздің ынтымағын сақтап, ауызбіршілік арттырып отырған Конституциямыз жайында өз ойларымен бөлісті. Заңның тарауларын талдауды да ұмытқан жоқ. Бұған қоса кітапханашы көпшілік назарына «Ата Заң-елдігімнің еңсесі»атты слайд ұсынды.