«Өнегелі отбасы — қоғам байлығы» атты дөңгелек үстел

20.08.2021 Выкл. Автор admin
«Өнегелі отбасы — қоғам байлығы» атты дөңгелек үстел

2021 жылдың 20 тамыз  күні Отбасы күні мерекесіне орай Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Өнегелі отбасы — қоғам байлығы» атты дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты: Өскелең ұрпақтың өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, бауырмалдық, мейрімділік сезімін ояту, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор жасау, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Шара барысында кітапханашы К.Сұлтанбаева отбасының ең маңызды құндылықтары, шаңырақ шырайының шарттары, отбасылық өнеге жайында қатысушыларға слайд арқылы мол мағлұмат берді. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың жан-жақты тәрбиелі болып өсуіне отбасының ықпалы мол екендігін ашып көрсететін, соның ішінде қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелеріне тоқталған педагог — ғалымдар С.Қалиев, М.Смайылова, С.Ұзақбаева, К.Қожахметова, Ж.Қоянбаевтардың еңбектері таныстырылып, А.Әуезханұлының «Жанұяның жарасымы», Д.Сүлейменовтың «Бақытты отбасы болудың негіздері», «Шаңырақ шайқалмасын десеңіз» атты кітаптарына шолу жасалды. «Жарасымды жанұя», «Отбасым» журналдары оқырмандар назарына ұсынылды.                   Шараға қатысқан оқырмандар, ұсынылған әдебиеттерге өз қызығушылықтарын таныта отырып, отбасының аса маңызды құндылық екені жайлы өз пікірлерімен бөлісті.