«Тіл- халықтың жаны» атты онлайн ақпараттық сағат

03.09.2021 Выкл. Автор admin
«Тіл- халықтың жаны»  атты онлайн ақпараттық сағат

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қыркүйек айының 3-і күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ҚР Халықтарының тілдер күніне орай  «Тіл- халықтың жаны»  атты онлайн ақпараттық сағат ұйымдастырылды.

Мақсаты: Жас ұрпаққа ана тілі туралы кең түсінік бере отырып олардың халқына деген, тіліне деген махаббатын арттыру. Өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

Ақпараттық сағатта қазақ тілінің маңызы туралы,  тіл мерекесінің неліктен бесінші қыркүйекте тойланатындығы жөнінде, Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы жайында біраз мағұлматтар айтылды және Несіпбек Айтұлының  «Ана тілім»  атты өлеңі оқылды.