«Отбасы — шабыт көзі» атты кітап көрмесі

13.09.2021 Выкл. Автор admin
«Отбасы — шабыт көзі» атты кітап көрмесі

13 қыркүйек күні Жаңақорған аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы — шабыт көзі» атты кітап көрмесі ұсынылды. Мақсаты: Оқырмандарға отбасындағы қарым — қатынас мәдениеті туралы түсінік беру. Отбасы — Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру.

Кітап көрмесінен орын алған   «Шаңырақты шайқалтпау – мемлекеттің бүтіндігін ойлау» Отбасы журналы, Б.Қарсыбаевтың «Отбасылық өмірге дайындау», Қазақстан мектебі, С. Бапаеваның «Отбасы психотерапиясы», «Кешегі бозбала мен бойжеткен бүгінде салиқалы азамат, ардақты ана», «Қазақы отбасы – ұлт берекесі» және танымал қазақстандық тұлғалардың отбасы, отбасылық құндылықтары туралы әдебиеттері, сондай-ақ мерзімді басылым беттеріндегі мақалалар ұсынылды.