«Қарттарым қазынам» атты кездесу кеші

30.09.2021 Выкл. Автор admin
«Қарттарым қазынам» атты кездесу кеші

Қандөз ауылдық кітапханасы, клуб үйі және әлеуметтік сала қызметкерлерінің ұйымдастыруымен халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым қазынам» атты кездесу кеші өтті.

Мақсаты: Елге еңбегі сіңген ардагерлердің өнегелі өмірін, қоғамда алатын орнын өскелең ұрпаққа дәріптеу. Сондай-ақ, сол арқылы кейінгі буынның бойына үлкенді құрметтеу, ата-баба аманатына адалдық, еңбекқорлық, ұлттық тәлім-тәрбие сияқты қазақы қымбат қасиеттерді сіңіру.

Шара барысындда ауыл әкімі К.Оразбеков құттықтау сөз сөйлеп, қарияларымыздың амандығын, еліміздің тыныштығын тіледі. Сондай-ақ ардагерлер ұйымының төрағасы Сәрсенбай Дәуленбаев шығып, ауылдың қарияларын марапаттады. Шара соңында халық әндері мен термелер орындалды.