«Аты аңызға айналған ана — Дина Нұрпейісова» атты бейне ролик

05.11.2021 Выкл. Автор admin
«Аты аңызға айналған ана — Дина Нұрпейісова» атты бейне ролик

 

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен қараша айының 5-і күні  күйші Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толуына орай «Аты аңызға айналған ана — Дина Нұрпейісова» атты бейне ролик ұсынылды.

Мақсаты: Батыс өңірінің халық композиторы Дина Нұрпейісова туралы толық мәлімет беру, күйлерін тыңдату арқылы балалардың эстетикалық талғамын ояту, сөздік қорларын молайту, дүниетанымын кеңейту. Өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу.

Бейне роликте Құрманғазының талантты шәкірттерінің бірі және дәулескер күйші-сазгер, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығы жайлы көрсетілді. Дина – қазақ халқының тарихынан орнын ойып тұрып алатын жан. Ол кісінің ерен еңбегі, қазақ музыкасына қосқан сүбелі үлесі әрқашан халқының жадында. Дина әжеміз қазақ музыкасымен, қазақтың күмбірі бөлек күйлерімен мәңгі жасай бермек. Қазақ дейтін алып халық барда күйшінің аты ешқашан өлмейді.