«Сәуле шашқан сырлар» атты ертеңгілік

08.10.2021 Выкл. Автор admin
«Сәуле шашқан сырлар» атты ертеңгілік

2021жылдың 8 қазан күні Бірлік ауылдық кітапханасы Сұлтанбек Қожанов атындағы    N 55 мектептің бастауыш пәні мұғалімі Әкімбаева Толқынмен бірлесе отырып «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиевтің 90 жылдығына орай «Сәуле шашқан сырлар» атты ертеңгілік өткізді. Шарамызды «Бірлік»- халық театрының режиссері Нұрханша Қыпшақбаева жүргізді.

Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға деген ынта-жігерін оятып, оқу мәдениетін жандандыру, балаларды мейірімді, адал болуға, ұйымшылдыққа, үлкеннің ақылын тыңдауға, жұмыла жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Шара алдымен бүлдіршіндердің мәнерлеп оқуымен бастау алды. Слайд арқылы ақын өмірінен  қызықты мәліметтер айтылып, оның шығармашылықтарына да жекелеп тоқталып балалар өлеңдерін оқыды. Атап айтсақ Әбсадық Кәусар «Ақылшым —  мұғалім»», Әбділла Іңкәр «Ақтайлақ», Мұратұлы Нұрасыл «Солдат боламын» өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп жатқа оқыды. Ақын жазған «Ақ мамам» әнін көңілдері көтеріңкі күйде бірге қосыла шырқады. «Бәтеңке, шұжық, балқаймақ» ертегісінен слайд арқылы талқылауға арналған сұрақтар қойылды. Ә. Дүйсенбиевтің «Бәтеңке, Шұжық, Балқаймақ» өлеңі не туралы? Олар не үшін ұрысты? Олар кімнен ақыл сұрады? Олардың таласы қалай шешілді? Сенің ойыңша, олардың қайсысы мықты әрі пайдалы?  Өлең  неге ертегі деп аталады? Бүлдіршіндеріміз ертегіні тыңдап болған соң талқылауға арналған сұрақтарға мүдірмей жауап берді.

Ақын сөзіне жазылған Әсет Бейсеуовтің «Сырласу» әнін ауылымыздың мақтанышы, талантты әнші Досмұхасан Үншібаев әуелете шырқады.