«Жабайы алма» повесінен оқырмандар конференциясы

14.10.2021 Выкл. Автор admin
«Жабайы алма» повесінен оқырмандар конференциясы

14 қазан күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен №3 мектеп-интернатта  классик жазушы, әңгіме жанрының хас шебері  С.Мұратбековтың туғанына 85 жыл толуына орай, «Жабайы алма» повесінен оқырмандар конференциясы өткізілді.

Мақсаты: шығарманың мазмұнына терең мән беріп түсіндіру, оқушыларды кітап оқуға қызықтыру, адамгершілікке баулу. Шараға  мектептің 9 сынып оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.Баймаханова, мектеп кітапханашылары Г.Есенбекова, Ж.Ильясова қатысты. Оқушылар әрбір кейіпкерге жеке тоқталып, бейнесін ашты. Шығараманың тақырыбы мен көтерген идеясына кең талдау жасады. Шығармадағы соғыстың қиындығы, адамның тағдыры, жабайы алманың дәмі, кейіпкер бала Қанаттың ой қорытуы туралы қызу пікір  алмасты. Конференция соңында белсенді қатысқан А.Әлібек, Ә.Нұрислам, И.Алтынбай  және Н.Өмірзақ  алғысхатпен марапатталды. Кітапханашы Ж.Тулешова «Сайын даланың Сайыны»  атты кітап көрмесімен таныстырып, оқушыларға алғысын білдіріп, шараны қорытындылады.