«Тұлға. Тарих. Тағылым» атты еске алу кеші

25.11.2021 Выкл. Автор admin
«Тұлға. Тарих. Тағылым» атты еске алу кеші

25 қараша күні  Парасат жолы орталығында Жаңақорған аудандық орталық кітапханасы Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің запастағы полковнигі, ақын-жазушы Базарбай Исаевтың туылғанына 80 жыл толуына орай «Тұлға. Тарих. Тағылым» атты еске алу кеші ұйымдастырды.

Мақсаты: ақын шығармаларын оқырмандарға, кейінгі ұрпаққа насихаттау.

Шараға тарихшы, зейнеткер, дінтанушы ҚР Халықаралық Одағының мүшесі Әшімұлы Шайдарбекқажы және Жаңақорған ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі ақын Файзулла Сахиев өз сөзінде ақынның көзі тірісінде аралас-құралас болған, ол тек ақын, жазушы емес шетел жазушыларының кітаптарын қазақ тілінде сөйлеткен аудармашы екендігін, және ақынның есімін есте қалдыру үшін көшеге немесе мәдениет орнына ақынның есімін беруді ұсынды. Ал зейнеткер, кітапхана оқырманы Шерімбетов Абибулла ағамыз: «Бір адамға ақын, жазушы, аудармашы ғып талант берген. Ақынның  шығармалары өзі өмірден өткенімен мұрасы кейінгі ұрпаққа мирас» — деді. Сондай-ақ шараға   Жаңақорған ауданының  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жадыра Шертекова,  Базарбай Исаевтың жары  Күлән Байшаханқызы, «Алты ата» мешітінің ұстазы, мұсылман әйелдерінің төрайымы Саруарова Қыздығой апа, «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Әзілхан Рауза, кітапхана директоры Әсемкүл  Манапқызы және кітапханашылар мен оқырмандар сондай-ақ, ұрпақтары мен туған туыстары қатысып, ақынның  шығармашылығынан өз ой- пікірлерімен бөлісті. №163 мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, көпшіліктің құрметіне бөленді. Аудандық мәдениет үйінің қызметкері әнші-термеші Мұхтар Дәрібаев «Біздің елдің жігіттері» әнін нақышына келтіре орындады.  Еске алу кеші барысында ақынның  жары Күлән Байшаханқызы отбасылық өмірден естеліктер айтып, аудандық орталық кітапханаға ақын-жазушы Базарбай Исаев ағамыздың 490 кітабын сыйға берді. Шараға қатысушыларға да  естелікке кітаптарын ұсынып, кітапханаға  естелік қолтаңбасын қалдырды.