«Ыбырайдың ғибратты әңгімелері» атты тағылым сағаты

05.11.2021 Выкл. Автор admin
«Ыбырайдың ғибратты әңгімелері»  атты тағылым сағаты

5 қараша күні  2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына орай, қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері  Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай  «Ыбырайдың ғибратты әңгімелері»  атты тағылым сағаты өткізілді.

Мақсаты: ұлы ағартушының шығармалары арқылы жас ұрпаққа адамгершілік пен адалдық қасиеттерін бойларына сіңіре отырып, кітап оқуға қызығушылықтарын ояту. Шараға аудандық оқушылар үйінің оқушылары мен ұстаздары қатысты. Оқушылар шараны «Кел балалар оқылық» өлеңін кезекпен оқып бастап, одан кейін  ұлы ағартушының өмірбаяны мен шығармашылығымен  слайд, бейнеролик арқылы танысты. Сондай-ақ «Бақша ағашы»  атты тағылымды мысал әңгімесінен көрініс көрсетті. Шар ішіне жасырылған ұлы ұстаз туралы сұрақтарға жауап берді. Күйші Б. Шахарбаеваның   орындауында «Адай» күйін тыңдап, кітапханашы М.Жиенбаева «Қазақ балалар әдебиетінің атасы» атты кітап көрмесіне библошолу  жасап таныстырды. Шара соңында оқушылар үйінің ұстазы З.Әлімбекова Ыбырайдың ғибартты әңгімелерімен таныстырып, балаларды осы әңгіме, өлеңдерден үлгі-өнеге алуды насихаттады. Оқушылар «Ұстазым» әнін хормен орындап, шараны  қорытындылады.