Қайырымдылық акциясы

06.12.2021 Выкл. Автор admin
Қайырымдылық акциясы

Қазақта «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген тамаша сөз бар. Шынымен де көпті көрген қариялар тұрғанда жас жеткіншек үлгісіз қалмайды. Олардың әрбір ақыл-кеңесінің астарында үлкен бір мән жатады. Міне, сондай игі істі Жаңақорған аудандық орталық кітапхана ұйымдастырды.

Мақсаты: Күнкөрісі төмен және тұрмысы қолайсыз отбасыларға көмек көрсету.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елімізде өткізіліп отырған «Ел арқау – Елбасы» халықтық әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға арналған жалпыұлттық қайырымдылық акциясы аясында 6 қараша күні аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Жанпейісов көшесі №46 үйдің тұрғыны кітапхананың тұрақты оқырманы, зейнеткер Горобец Генадий мен мүмкіндігі шектеулі қызы Горобец Аннаның шаңырағына барып қайырымдылық көмек жасап, ізгі көңілдерін білдіріп,  баталарын алып, кітапхана ұжымы атынан қайырымдылық іс жасалды.