«Қаламы жүрдек қаламгер» атты кітап көрмесіне библишолу

14.02.2022 Выкл. Автор editor
«Қаламы жүрдек қаламгер» атты кітап көрмесіне  библишолу

Аудандық балалар кітапханасында  14 ақпан күні  жерлес жазушы Ж.Әлмашұлы — 65 жасқа толуына орай  «Қаламы жүрдек қаламгер» атты кітап көрмесіне  библишолу өткізілді.

Мақсаты: белгілі жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Ж.Әлмашұлының шығармалары мен өмір жолымен таныстыра отырып, шығармаларымен кеңінен насихаттап, оқушылардың рухани білімін көтеру.

Кітапханашы З.Садыкова жазушының өмір жолымен   Тәуелсіздіктің 10 жылдығына арналған көркем шығармалар бәйгесінде жүлдегер атанған «Оянған ұрпақ» деген романымен, «Тоғыз тұңғиық», «Жетім жұлдыздар», «Жасын ғұмыр», «Сұлтанбек Қожанұлы», «Нәзір Төреқұлұлы», «Күлкі мен жас», «Ұмытылған ұрпақ», «Қызыр қонған Түркістан», «Сұлуды сүю», «Қасиетті мекендегі қала», «Тар дүние», «Ел мен елес», «Жеті жебе» «Ұмытылған ұрпақ», «Күлкі мен жас» атты  кітаптарымен,  романдары мен бірнеше драмалық шығармаларымен таныстырды. Шараға «Заңғар» интелектуалды мектебінің оқушылары мен ұстаздары қатысты.