«Дін -тәрбиенің рухани тірегі» атты дөңгелек стол
23.02.202223 ақпан күні Кейден ауылдық кітапханашының ұйымдастыруымен «Дін -тәрбиенің рухани тірегі» атты дөңгелек стол өтті.
Мақсаты: Жастарға діни тәрбие бере отырып, адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету. Мұсылман діннің өміршендігін және Ислам дінін насихаттау. Өз дініне деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттыру, жастарға экстремизм және террорлық әрекеттердің халық өміріне қауіптілігін түсіндіру, қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ балуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Шараға ауыл имамы Е.Жусипов, қажы ардагер ұстаз Әбжаппаров Зайыр, №208 жалпы орта мектебінің тәрбие жөніндегі орынбасары А.Болатхан, ауыл әкімінің апаратының жастар ісі жөніндегі маманы Құтымбек Мұхтар мен мектеп оқушылары мен ұстаздары қатысты. Әбжаппаров Зайыр қажы өз сөзінде шараға қатысқан оқырмандарға, жастарға білім туралы, тәртіп, адамның бойындағы қасиеттер туралы сөз қозғап, әңгімеледі. Кездесу барысында иман, дін жайында, діннің қазіргі кездегі жағдайы туралы, діннің дұрыс ағымдары мен имандылық пен әдептілік туралы айтылды. Арнайы орындардан келген қонақтар барынша қоғамдағы мәселелерді кеңінен талқылап, жастар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, имам мен сала қызметкерлері жан-жақты жауап беріп отырды. Жиында көптеген тақырыптар аясында біршама ақпаратпен қанық болған оқушылар өз ойларына жауап таба алды.
Сондай-ақ кітапханашы «Діні қуатты елдің – іргесі берік» атты кітап көрмесіне шолу жасады.