«Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» атты ақпараттық сағат
16.02.2022
2022 жылдың 16 ақпан күні №1кенттік кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын оқырмандар арасында талдау, ел тарихын өскелең ұрпаққа насихаттау болып табылады.
Ұл даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Осы орайда Елбасымыз көне заманның кереметтерін дәріптей келе «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаланы халыққа ұсынған болатын. Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт Жеті қырдың негізгі айнасы болып табылады. Мақаланы елге ұсына отырып оқырмандарымызға ақпараттық сағат пен кітап көрмесі таныстырылды.