«Туған жер бақыт ордасы» тақырыбында өлке сағаты

17.02.2022 Выкл. Автор editor
«Туған жер бақыт ордасы» тақырыбында өлке сағаты

Бесарық бекеті ауылдық кітапханасы мен «Ғасыр қызығушылық»  клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен  ақпан айының 17-сі күні «Туған жерге тағызым»  бағдарламасын жүзеге асыру бағытында «Туған жер бақыт ордасы» тақырыбында өлке сағаты өтті.

Мақсаты: Оқушыларға Отан, туған жеріміз жайлы түсінік бере отырып, бала бойындағы ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз отанын, туған елін сүюге, ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді азамат қалыптастыру. Туған жер тарихын ұғындыра отырып, елін, жерін, табиғат байлықтарын қорғай білуге үйрету.

Шара барысында Бесарық бекетінің тарихы, көп жылдық тарихы бар ғимараттар жайында мәліметтер берілді. «Жер бесік ет, туған елім» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге шолу жасалды. Кітап көрмесіне Бесарық ауылынан шыққан жерлес ақын, жазушылармыз Бақтыбай Айнабеков пен Тұрар Сүлейменовтің кітаптары қойылды. Шара соңында ақындарымыздың Айбекұлы Ерасыл «Бесарық»,  Есенхан Саят «Бесарығым бәйтерегім», Әбдімәлік Мәнсүр  «Мен ақын шығармын»  өлеңдерін оқыды.