«Тарих. Шындық. Тағлым» атты кездесу кеші
11.02.202211 ақпан күні Жаңақорған аудандық кітапханасының Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығырылғанына 33 жыл толуына орай «Тарих. Шындық. Тағлым» атты кездесу кеші өткізілді.
Мақсаты: Оқырманға тарих қоржынынң бір бөлігі болатын Ауған соғысы жайлы тереңірек біліп, мәлімет алу. Ержүрек ағаларымыздың ерлігін өскелең ұрпаққа үлгі ету.
Кездесу кешіне ауданымыздың мақтанышы болып жүрген Ауған соғысының ардагері Сегізбаев Пазылбек ағамыз, Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ж.Шертекова, «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторының орынбасары, Жазушылар Одағының мүшесі Баян Үсейінова, Жастар ресурстық орталығының жастар ісі жөніндегі маманы Исматова Арайлым, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы Тоғжан Қуатбекқызы және кітапханашылар қатысты.
Шараны Жаңақорған ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ж.Шертекова ашып беріп, Ауған соғысында қаза болған ержүрек батырларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алды. Ауған соғысы жайлы бейнеролик көрсетіліп, кездесу кешіміздің кейіпкері ардагер Сегізбаев Пазылбек Ақтөреұлына сөз беріліп, Ауған соғысында болған батырымыз соғыс кезінде көрген қиыншылықтары мен бастан кешірген оқиғаларымен бөлісіп, оқырмандармен әсерлі әңгіме жүргізіліп, сондай-ақ оқырмандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. №163 орта мектептің 10 сыныптың оқушысы Әшім Тоғжан «Жауынгер хаты» монологын оқыды.
«Ауғанның от жалыны» атты кітап көрмесімен кітапханашы Ә.Сағатқызы таныстыра келе соңынан «Борыш» кітабында ақын Ә.Сыздықовтың «Тағдыр» өлеңінен үзінді оқыды. Сондай-ақ оқырмандарға Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлдың «Тағдыр тозағы», Амангелді Жантасовтың «Жартасты жастанған жасақ. Қара майордың мұсылман батальоны» атты кітаптарын оқуға ұсынды. М.Көкенов атындағы Б.Байкенжеев шығармашылық мектебінің жетекшісі Ә.Байкенжеев «Досқа сыр», «Жаңақорған» әндерін нақышына келтіре орындады. Аудандық кітапхананың директоры Ә.Манапқызы келген қонақтарға алғысын айтып, қонағымызға сый-сияпат жасап, шараны қортындылады.