«Ұлттық дәстүр-ұрпақ жалғасы» атты әңгіме сағат

11.02.2022 Выкл. Автор editor
«Ұлттық дәстүр-ұрпақ жалғасы»  атты әңгіме сағат

2022 жылдың   11ақпан күні Қожамберді  ауылдық кітапханасының  ұйымдастыруымен  «Парасат жолы» жобасы  аясында  «Ұлттық дәстүр-ұрпақ жалғасы»  атты әңгіме сағат өткізілді.

Мақсаты –Ұлттық  құндылықтарымызды насихаттау, сана-сезімі қалыптасқан, салт-дәстүр, әдет –ғұрыпымызды құрметтейтін ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу.

Шара барысында кітапханашы С Мұстапаева оқырмандарға жас ұрпақты адамгершілікке, парасаттылыққа  баулитын тәлім-тәрбиелік, әдет –ғұрпымыз жайлы айтылды. Қазақ халқы –рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өрісі биік өскелең мәдениетке бір күнде жеткен жоқ. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Ал ұрпақты жан –жақты келбетті етіп өсіруде  халықтың  салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік ролі орасан зор. Қазақ халқы салт-дәстүрлері негізінен, ұлттық мәдениетті дамытудың игі құралы болып қалыптасқан. Салт-сана, әдет-ғұрып  пен әдеттің дәстүр мен салттың халық санасына сіңіп, өмірлік заң болып қалыптасуының көрінісі. Қазақ халқының салт-дәстүрлерінің  ерекшелігі мен қасиеті  тәрбиелік өміршеңдігінде, жаңа дәстүрдің туып, дамытып қалыптасып тәрбие құралы ретінде кейінгі ұрпаққа мұра болып қала беруінде. Шараға 6 сынып оқушылары қатысып қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары жайлы әдебиетерден жасақталған көрмемен танысты.