«Батырды ұлықтау – тарихымызды ұмытпау» атты Алпамыс батыр жырын мәнерлеп оқудан байқау
11.03.202211 наурыз күні Жаңақорған аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 2022 жыл – Балалар жылы аясында «Батырды ұлықтау – тарихымызды ұмытпау» атты Алпамыс батыр жырын мәнерлеп оқудан байқау өткізілді.
Мақсаты: Ұмыт бола бастаған батырлар жырын, қисса, дастандарын, арнауларын жаттауға өскелең ұрпақты машықтандыру. Байқауға Жаңақорған ауданы бойынша әр ауылдан, аудан мектептерінен 5-9 сынып оқушыларынан 21 оқушы Алпамыс батыр жайлы тарихи жырларды, қисса-дастандарды, арнауларды мәнерлеп жатқа айтудан сынға түсті.
Әділқазылар алқасының мүшелері Манап Көкенов атындағы өнер мектебінің директоры У.Ибрагимов, аудандық кітапхананың әдіскері Г.Ахметжанова, абонемент бөлімінің меңгерушісі М.Алжанова байқауға қатысқан әрбір оқушыны жеке-жеке тыңдап, бағасын берді. Нәтижесінде №2 Кенттік кітапханасының оқырманы, №56 мектеп 6 сынып оқушысы Нұрбацин Нұрасыл І орын, Машбек ауылдық кітапханасының оқырманы, №196 мектептің 5 сынып оқушысы Айтмағамбет Аяулым ІІ орын, Шалқия ауылдық кітапханасының оқырманы, №86 мектептің 5 сынып оқушысы Шәдібек Абунасыр ІІІ орынға ие болды. Барша байқауға қатысып, атсалысқан оқушылар алғысхатпен марапатталды. І орын алған №56 мектептің 6 сынып оқушысы Нұрбацин Нұрасыл Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өлкеміздің халықтық дәстүрінде сақталған ауыз әдебиеті жауһарларын таныстыратын жоба аясында 18 наурыз күні өткізетін «Батырды ұлықтау – тарихымызды ұмытпау» атты облыстық байқауына жолдама алды.