«Ана деген теңдесі жоқ ұлылық» атты кездесу кеші
05.03.2022Қандөз ауылдық клуб үйінде 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана деген теңдесі жоқ ұлылық» атты кездесу кеші болып өтті. Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз — аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ата — анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Кешке ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосқан білімді де білікті, жұмыспен қатар отбасына, бала тәрбиесіне үлгеріп жүрген арулар мен мемлекетіміздің өркендеуіне, атсалысып бүгінде зейнеткерлікке шыққан аналар қатысты.
Шара барысында аналар салиқалы да, саналы ой пікірлерімен ой бөлісті. Кешке ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Кеш соңында ауыл әкімі асыл жандарды шырайлы мерекемен құттықтап, сый-сияпат табыстады.