«Әдепті келін — ауыл көркі» атты келіндер сайысы

18.03.2022 Выкл. Автор editor
«Әдепті келін — ауыл көркі» атты келіндер сайысы

Қандөз ауылдық клуб үйі ен кітапхана бірлесіп Наурыз мейрамына орай «Әдепті келін — ауыл көркі» атты келіндер сайысы болып өтті.

Мақсаты: Жанұядағы ата – ене, келін, қайын сіңлі, қайын арасындағы қарым — қатынасты нығайту. Ұлттық салт – дәстүрімізге байланысты келіннің орнының ерекше екендігін, от басының ұйтқысы екендігін ұғындыру. Келінге немесе болашақ анаға деген сыйластықты ояту, ананың өмірге деген маңыздылығын ұғындыру.

Келіндер сайысына  Райхан, Перизат, Әселдің қатысуымен болып өтті. Келіндер сайысына қатысушылар: «Тегін білу – тектілік» (таныстыру); «Өнер сайысы»; «Ұлттық салт-дәстүрді көрсету» (көрініспен); «Сыр сандық» (салт-дәстүрге байланысты  сұрақ-жауап); «Дәм-думан» (ұлттық тағамдар әзірлеу) кезеңдері бойынша өз өнерлерін көрсетті.

Шараға жиналған көрермен мен қолдаушылар қарасы мол болды. Іс-шара сайыс түрінде өтетін болғандықтан, көрермендер тарапынан «кім жеңер екен» деген белсенді ұмтылыс-ынта көрініп тұрды. Ә дегеннен, келіндер өздерінің таныстыруын әжесінен бата алу арқылы бастап, әнімен қоса әсерлі айтты. Перизат пен Райханның сәлемдесулері мағыналы болды және сондай бір жанға жайлы әсер қалдырды. Өнер сайысы бөлімінде ән де, би де болды және Әсел келіннің қолөнері паш етілді. Ол тоқыма, құрақ, матадан жасалған гүлдер, ыдыс-аяқ қойғыш, матадан гүлорам, не керек, барлық қолөнерімен тәнті етті.

Келіндер, негізінен, құлақ тесу, қонақ кәде, ат тергеу, абысын асы, бесік күзету, құрсақ шашу сияқты дәстүрлерімізді көрсетті. Сайыста келіндердің ұсынған құрсақ шашу ырымы сахналық талаптарға сай болды, қалжыңы да аралас, жөн- жоралғылары да бар екен. Келіндердің көпшілігі «Сыр-сандық» бөлімінің сұрақ-жауаптарынан мүдірді. Бұл сайыста Перизат пен Әсел келіндер біршама сұрақтарға жауап берді.Сұрақтардың жобасы: ерулік, құрсақ той, жарыс қазан, жеті санына байланысты түсініктер, ырым сөздер мен тыйым сөздер төңірегінде қойылды.

«Дәм-думан» кезеңінде де Райхан, Перизат, Әсел келіндердің ас мәзірлері жоғары бағасын алды. Сайыс мақсаты жеңу болса, Райхан келін жеңіске жетті.