«Ұлтымыздың ұлы кемеңгері» атты тақырыпта кітап көрмесі
18.03.2022Сүттіқұдық ауылдық кітапханасы 18 наурыз күні 2022 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ақын Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Ұлтымыздың ұлы кемеңгері» атты тақырыпта кітап көрмесі жасалып, оқырмандарға таныстырылды.
Көрмеге қазақ тілі білімінің іргетасын қалаушы, ірі-ғалым, ағартушы – педагог, сөз құдіретін танытқан танымал ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері – Ахмет Байтұрсыновтың «Ақ жол», «Тіл тағылымы», «Маса», «Әдебиет танытқыш», т.б. қаламынан туған шығармалары ұсынылды және мерзімді басылым беттеріндегі мақалаларға шолу жасалынып, оқырмандарға құнды мәліметтер ұсынылды.