«Төрлет Наурыз төріме» атты тақырыптық кеш
22.03.2022
2022 жылдың 22-Наурыз күні Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Төрлет Наурыз төріме» атты тақырыптық кеш өткізілді.
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт — дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт — дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Шараға кітапхана оқырмандары мен мектеп оқушылары мекеме қызметкерлері қатысты. Манап ауылының әкімі мен №160 орта мектебінің директоры Ибрагимов Жанәділ ағайлар құттықтау сөз сойлеп аналарымывзға сыйлықтар табыс етті. Шара барысында бес мың жылдан астам уақыт бойы тойланып келе жатқан «көктемгі жаңару» мерекесінің шығу тарихы, әлем елдерінде қалай тойланатыны жайлы және Орта Азия елдерінде мереке кезіндегі салт-дәстүрлер жайында толық мәліметтер берілді. Әр ұлттың әндер мен билері орындалды. Арқан тартыс, кір тасын көтеріп, күш сынасу сияқты ойындар ойтатылды.Салт-дәстүрге байланысты сұрақтар, мақалдың жалғасын табу, қойылып жауап берген қатысушыға сыйлықтар табыс етілді.