«Ахмет оқуларын» ұйымдастырды
28.04.2022Бірлік ауылдық кітапханасы 2022 жылдың 28 сәуір күні С.Қожанов атындағы N55 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Толқын Әкімбаевамен бірлесіп Республикалық «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында ұлтымыздың ұлы перзенті, ғалым, әдебиет зерттеушісі, ақын Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Ахмет оқуларын» ұйымдастырды.
Мақсаты: Ахмет өлеңдерін мәнерлеп оқу. Осы арқылы ұлт жанашырының өмірі мен шығармашылығын бүгінгі буынға насихаттау. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыластарын арттыру.
Шара барысында кітапханашы К.Сұлтанбаева слайд арқылы ақынның өмір жолы мен шығармашылығына шолу жасады. Т.Әкімбаева слайд арқылы ақынның мысалдарын таныстырып өтті. Оқушыларымыз Ж.Қали «Аққу, шортан һәм шаян», А.Асқар «Оқуға шақыру», Н.Жұмаділла мен А. Талғат «Есек пен бұлбұл», К.Әбсадық «Қазақ қалпы», атты ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Ал ақынның мысалдарынан сурет салу кезеңінде оқушыларымыз М.Саматқызы, А.Асқар, А. Нұрмағанбет «Аққу, шортан һәм шаян», К. Аянат «Қарға мен түлкі», Д.Ағалы « Малшы мен маса», Н.Омар «Бұлбұл мен есек», Айым мен Ақбаян «Қарға мен түлкі» атты өздері оқыған мысалдарынан суреттерді ерекше ықыласпен салып өздерінің ғажайып қиялдарымен таңқалдырды.