«Бекзат бейне» атты танымдық сағат

25.04.2022 Выкл. Автор editor
«Бекзат бейне» атты танымдық сағат

Бірлік ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 25 сәуір күні  «Парасат жолы»аясында режиссер, драматург, ақын, әнші Әмір Мәжитовтың 85 жылдығына арналған «Бекзат бейне» атты танымдық сағат өтті.

Мақсаты: Ә.Мәжитовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы деректермен таныстыру, жас ұрпақты тұлға өмірінен үлгі-өнеге алуға шақыру.                                                 Шарамыз ақын Адырбек Сопыбековтың «Бара жатсың Алатаудай биіктеп» атты Әмір Мәжитовке арнаған өлеңімен бастау алды. Шара барысында кітапханашы К.Сұлтанбаева «Сан өнердің саңлағы» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Слайд арқылы Ә. Мәжитовтың өмірі мен шығармашылығы жайлы таныстырылым өтті. Таныстырылым барысында оның өлең жазып, ән салғаны, айтысқа қатысып сөз қағыстырғаны , жыр-терменің де тиегін ағытқаны жайлы мағлұматтар берілді. Белгілі режиссер Қалила Омаровтың «Жаңақорған халық театры. Әмір Мәжитов» атты деректі фильмі көрермендер назарына ұсынылды. «Бірлік» халық театрының режиссері Н.Қыпшақбаева сөз кезегінде қаламгердің М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» пьесасында Арыстан, «Қаракөзде» Сырым рөлдерін ойнағаны, кейінгі жылдары Жаңақорған және Бірлік театрларының режиссері болып, М. Әуезовтің «Еңілік-Кебек», Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу»,  Қ. Мұхамеджановтың «Құдағи келіпті», «Өзіме де сол керек», «Бөлтірік бөрік астында», О. Бодықовтың «Қарақұм трагедиясын» сахналағаны жайлы айтып өтіп, шоқтығы биік «Бір үзім нан» туындысын Жаңақорған халық театры сахналағанын, Халық ақыны Манап Көкеновтың жастық шағын бейнелейтін «Бәйтерек» пьесасын өзі сахналағанын атап өтті. Пьеса желісі жайлы ой тарқатты.Шара соңында оқушылар Әмір Мәжитовтың «Адалдық туралы аңыз», «Сырымды айтсам» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды.