«Салауаттылық-өмір негізі» атты денсаулық сағаты

12.04.2022 Выкл. Автор editor
«Салауаттылық-өмір негізі» атты  денсаулық сағаты

12 сәуір күні Жаңақорған аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен аудандық емхана мейірбикелерінің қатысуымен «Салауаттылық-өмір негізі» атты  аудандық емханада денсаулық сағаты өтті.

Кітапханашы М.Кадирбергенова «Денсаулық зор байлық» тақырыбына баяндама жасап, кітапхана қорындағы  У.Жарқынбайдың «Саулық кілті өз қолыңда», К.Төлеутайұлы «Валеология негіздері», Ә.Ермаханұлы «Қазақ емшілік деонтологиясы», «Денсаулық  энциклопедиясы» және т.б. денсаулыққа байланысты кітаптарға  тоқталды. Аудандық емхананың «Салауаттылық өмір салтын қалыптастыру» маманы  Б. Кадирова және аға-мейірбике З.Мұсаева  өз ойларын ортаға салып, шараны қорытындылады.  Шараға 25 абзал жандар қатысты.

Мақсаты: Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлық денсаулық. Денсаулықтың басты жолдары зиянды жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.