«Кітаппен біргеміз» атты апталық
18.04.202222 жылдың 18-22 сәуір аралығында «Балалыққа кітаппен барар жол» кітап оқуды дамыту жобасы аясында 23 сәуір- Дүниежүзілік кітап мерекесі күніне орай «Кітаппен біргеміз» атты апталық ұйымдастырылды.
Апталықтың мақсаты: Жас өскелең ұрпақты кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және кітапқұмарлыққа баулу. Білімнің кітап арқылы келетіндігін ұғындыру.
Аптаның 1 күні «Менің сүйікті кітабым» кітап көрмесімен «Нұрай» балабақшасының балаларына таныстырылды.
2 күні «Ертегілер елінде» атты №242 мектептің 6 сынып оқушылары арасында дауыстап оқу өткізілді.
3 күні «Қазақ ертегілерінен» библиошар ұйымдастырылды. Шардың ішіне сұрақтар жасырылды. Шарды жарып, сұраққа жауап берген оқырмандар сыйлықтарын алды.
4 күні «Кітап сарқылмас қазына» атты сырсандық өткізілді. Сандықшаға аса пайдалыда қызықты бір сұраққа-бір сыйлық салынды. Оқырмандар сұраққа жауап беріп, сыйлықтарын алды.
5 күні «Жақсы кітап жақсы дос» буккросинг өткізілді. Шара барысында «Буккросинк» сөзінің мән-мағынасы түсіндірілді, яғни «Өзің оқыған қызықты кітабыңды өзгеге ұсын!» мағынасында оқырмандар өздері оқыған кітаптарын достарына ұсынып, ой бөлісті.